Маханбетова Мейрамкуль Багарамовна » №4 Қарғалы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарғалы №4 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)707-90-91
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Маханбетова Мейрамкуль Багарамовна
24
февраль
2023

Маханбетова Мейрамкуль Багарамовна

Маханбетова Мейрамкуль Багарамовна 

Жалпы ақпарат

Туған  күні: 1966 жылы 29 сәуір

Туған жері: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

Ұлты :Қазақ

Білімі жоғары

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы:

1990 жыл Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педогогикалық институты

Мамандығы бойынша біліктілігі   :  ағылшын - неміс тілі пәні мұғалімі.

Мансап

1983 жылы Қызылорда қаласындағы аяқ киім фабрикасына жұмысқа орналастым.                                                                                                                                         1985 жылы Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педогогикалық институтына түсіп, 1990 жылы ағылшын - неміс тілі пәні мұғалімі мамандығын бітірдім. 

1990-1992 жылдар аралығында Қызылорда облысы, Шиелі ауданы №219 мектепте, 1992-1996 жылдары Қызылорда қаласындағы №198 орта мектепте ағылшын тілі пәні мұғалімі болып жұмыс жасадым. 

1996 жылдан бастап Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылындағы Қарғалы №2 мектеп-гимназиясына ағылшын тілі пәні мұғалімі, 2003-2008 жылдар аралығында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқардым. 

2008 жылы Әсет Бейсеуов атындағы мектеп мектепке дейінгі шағын орталығына директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және ағылшын тілі пәні мұғалімі ретінде қабылдандым. 

2013 жылдан бастап Әсет Бейсеуов атындағы орта мектебінде мектеп директоры қызметін атқарып келемін. 

Басшылық қызметімде осы білім ордасында мектептің даму жоспарына сәйкес оқу - тәрбие процесін дамытуда  “Оқушының пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйене отырып, мұғалімдердің бірлескен кәсіби жұмысы арқылы функционалдық сауаттылығын дамыту” негізгі өзекті мәселесі бойынша жұмыс жасап келеді. Ұстаздарымыз өз құзіреттіліктерін дамыту мақсатында жемісті жетістіктерге жетуде. Мектеп бойынша аудан көлемінде – 65, облыс көлемінде – 23, республика көлемінде  – 8 мұғалім өздерінің педагогикалық кәсіби шеберліктерін шыңдап, түрлі кәсіби байқауларға қатысуда. Ұстаздар қауымы өз білімін жетілдіру және қайта даярлау курстарынан өтіп, тәжірибелі қарым-қатынас орнатып,  білім жүйесінде өзара тәжірибе алмасуда.  

Педагогикалық кәсіби байқауларда шыңдалып, елеулі  шығармашылық кәсіби деңгейлерінің жоғары дәрежеде екендіктерін көрсеткен ұстаздарымыздың бірі бастауыш сынып мұғалімі А.К Маханова  облыстық “Жыл мұғалімі-2019” байқауында 1 орын алып, автокөлік иеленсе, “Қазақстан мұғалімі-2020” ұлттық сыйлығының лауреаты атанып, “Әлем мұғалімі-2021” байқауында заманауи құрылғылармен жабдықталған сынып бөлмесін алды. Сонымен қатар, жас маман, физика пәнінің мұғалімі Бақытәлі Даулешияр облыстық “Дарынды бала - дарынды ұстаз” байқауында 1 орын алса, «Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық байқауында «Жай механизмдердің биомеханикалық протез жасаудағы тиімділігі» жобасын қорғап, Қазақастан Республикасы Президенті К.К.Тоқаевтың  3 млн көлеміндегі грант иегері атанды. Жас маман өзінің ғылыми шығармашылық жұмысын «Жас ұстаз – жаңа ұрпақ» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында «Физика пәнінде оқушылардың білім сапасын көтеру жолында жобалау технологиясын қолдану» тақырыбындағы іс-тәжірибесімен бөлісті.                                

Әдістемелік педагогика қызметкерлерінің елеулі кәсіби-шығармашылық еңбектерінің нәтижесінде функционалдық сауаттылықты арттыру және оқушылардың шығармашылық, инновациялық қызметтерін жетілдіруде аудан, облыс, республика және халықаралық деңгейде жетістіктерге жетуде. Дарынды оқушылар арасындағы ғылыми зерттеу жобасы, пәндік олимпиада мен интеллектуалды сайыстарға қатысып, аудандық – 78, облыстық – 32, республика бойынша 11 оқушы өз нәтижелерін көрсетіп, білімдерін шыңдауда. 15 мектеп түлектері «Алтын белгі» иегері атанса, үздік оқушыларымыз мемлекеттік грантқа қол жеткізді.                                                                                                                                               Мектептегі мұғалімнің кәсіби - тұлғалық құзіреттілігін қалыптастыру мен оқушыларымыздың елеулі жетістіктерінің нәтижесінде 2019 жылы аудан көлемінде “Үздік әдістемелік орынбасары” кубогі, 2021 жылы “Жылдың үздік мектебі” кубогін иеленді. 

Білім сапасының көрсеткіші мұғалім жауапкершілігі мен көшбасшылығының қабілетіне байланысты екендігіне көз жеткізе отырып, білім мазмұнын мен білім сапасын жетілдіруге өз үлесімізді қосуға сенім білдіремін.